Таяу Шығысқа елдеріне әуе рейстері 10 наурызға дейін тоқтатылды
Сурет: unsplash
Air Astana Таяу Шығыс бағытындағы рейстерді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компания Дубай, Жидда, Медина және Доха қалаларына тұрақты әуе қатынасын 10 наурызды қоса тоқтататынын хабарлады.
"Air Astana компаниялар тобы Дубай, Жидда, Медина және Дохаға тұрақты рейстерді 10 наурызды қоса алғанға дейін тоқтатады, ал аталған қалаларға билеттерді сату 17 наурызға дейін уақытша тоқтатылды. Тегін қайта брондау 30 сәуірді қоса алғанға дейін, ал билеттерді қайтару 11 наурызды қоса алғанға дейін қолжетімді", - делінген хабарламада.
Әуе компаниясы Таяу Шығыс аймағындағы жағдайды қадағалауды жалғастырып, қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылдайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript