Қазақстандық авиакомпания Таяу Шығысқа әуе қатынастарының жаңғырғанын мәлімдеді
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Таяу Шығыста атыстың тоқтатылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, осы өңірге ұшуды қайта бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, ұшулар 25 маусымнан басталады. Бүгін келесі рейстер орындалады деп күтілуде, барлық жерде жергілікті уақыт көрсетілген:
- KC205 Астана-Дубай, 11:00
- KC206 Дубай-Астана, 16:40
- KC653 Алматы-Доха, 11:00
- KC654 Доха-Алматы, 15:05
- KC897 Алматы -Дубай, 11:15
- KC898 Дубай-Алматы, 16:10
"Сондай-ақ ең cыйымды Boeing 767 әуе кемесінде КС8980 Дубай-Алматы рейсі сағат 17: 40-та репатриациялық рейс орындалады", – делінген ақпаратта.
Бұл рейстерге билеттер сатылымда. Кестені әуе компанияның сайтында тексеруге де болады.
Бұл ретте, компания рейстер ұшу қауiпсiздiгiнiң жоғары стандарттарына сәйкес орындалатындығын баса айтты.
Бұған дейін Ресейде авиапарктердің үштен бірі босап қалғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript