Ресейде авиапарктердің үштен бірі босап қалды

Бір айда әуе компаниялардың қатысуымен 300-ге жуық төтенше оқиға тіркелген. Ұшақтардың басым бөлігінде техникалық ақаулар анықталды.
Мамандар ұшақтардың санкция салдарынан талай жылдан бері жөндеу көрмегенін айтып отыр. Қажетті құрал жоқтың қасы.
Экономикалық шектеулерге дейін ресейлік әуе компаниялар техниканың 80 пайызын лизингке алып отырған.
Ресей отандық Ту-214 ұшағы импорт алмастыра алады деп шығарған еді, алайда әуе компаниялары қауіпсіздік талаптарына сай келмейді деп, бұл ұшақты сатып алудан бас тартты, деп жазады qazaqstan.tv.
Соңғы жылдары әуе билеттерінің құны 200 пайызға өскен. Мәселен, Мәскеу-Сочи бағытында әуе билетінің құны 100 мың рубльге, яғни 660 мың теңге болды.
"Ресейдегі барлық әуе компаниясында ұшақ жетпей жатыр. Оған бірнеше себеп бар. Ал көптеген ел Ресеймен қатынасын үзген соң тұрғындар ел ішінде демалғысы келеді. Бірақ оларды жеткізетін ұшақ жоқ. Бұл мәселе соңғы жылда ушықты, жаз айларында жағдай тіпті қиындай түседі. Өйткені жоспар бойынша ел ішіндегі ұшу саны 40 пайызға артуы керек еді." Илья Зотов, сарапшы
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript