Израильде екі адамға құпия ақпаратты пайдаланып бәс тігу жасады деген айып тағылды

Израильде екі адамға құпия ақпаратты пайдаланып бәс тігу жасады деген айып тағылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2026 11:02 Сурет: magnific
Израиль билігі екі азаматты әскери операциялар туралы құпия ақпаратты пайдаланып, болжамдық платформада бәс тігу арқылы табыс тапты деп айыптады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер Иран мен Йеменге жасалатын соққылардың уақыты туралы алдын ала ақпарат біліп отырған. Осы арқылы олар 150 мың доллардан астам табыс тапқан.

Айыпталушылардың бірі – Тель-Авив қаласының 30 жастағы тұрғыны Омер Зив, екіншісі – Израиль ӘӘК резервіндегі майор. Қауіпсіздік мақсатында оның аты-жөні жарияланбаған. Прокуратура дерегінше, офицер жоспарланған әскери операциялар туралы құпия мәліметтерді Зивке беріп отырған, ал ол ақпаратты пайдаланып, бірнеше анонимді аккаунт арқылы бәс тіккен.

2025 жылдың маусым айында майор "Рычащий лев" операциясының басталатынын хабарлағаннан кейін, Зив бәс көлемін арттырған. Операция басталған соң олар шамамен 128 мың доллар пайда тапқан.

Тергеу кейіннен күдіктілердің АҚШ пен Израильдің басқа да әскери әрекеттеріне қатысты бәс тіккенін анықтады. Жалпы табыс 152 мың доллардан асқан.

Тергеу барысында олардың платформадағы басқа пайдаланушылар күдік тудыра бастаған соң хат алмасуларын өшіріп, аккаунт атауларын өзгерткені белгілі болды.

Екі күдіктіге парақорлық, ұлттық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар және сот төрелігіне кедергі жасау баптары бойынша айып тағылды. Майорға тыңшылық жасады деген ауыр айып та тағылып отыр, бұл бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Иерусалимде израильдік азамат француз монахинясына шабуыл жасағаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: