БҰҰ басшысы хантавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Хантавирус, ДДСҰ, мәлімдеме, кеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2026 22:55 Сурет: freepik
MV Hondius круиздік кемесінен шыққан хантавирустың қоғамда өршу қаупі төмен. Бұл туралы 2026 жылдың 11 мамырында БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол X платформасындағы аккаунтында аталған жағдайға қатысты түсініктеме беріп, жазба жариялады.

"Қазіргі уақытта вирустың адам денсаулығына қаупі төмен болғанымен, MV Hondius кемесінің жолаушылары мен экипажын қоса алғанда, барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге денсаулық сақтау саласындағы халықаралық күш-жігерді бағыттау маңызды", - дейді Гутерриш.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен(ДДҰ) бірге хантавирустың өршу ықтималдылығын бақылау үшін шаралар қабылдап жатқан барлық мемлекеттің билігін қолдайтынын жеткізді.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) хантавирустың ағымдағы қауіп деңгейін бағалап, нақты мәліметтермен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: