Көпбалалы ана әлеуметтік жәрдемақыны ішімдікке жұмсап, балаларын аш қалдырған
Сурет: magnific
Башқұртстан билігі бес баланы адам төзгісіз жағдайда асыраған әйелден балаларын тартып алды. Ол балаларын антисанитарлық жағдайда ұстап, аштыққа ұшыратқан. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Рен-ТВ" телеарнасының мәліметінше, сұмдық жағдай Уфа қаласында болған. Әйелдің ішімдікті жиі тұтынғаны, балаларға берілетін жәрдемақыны өз қажетіне жұмсағаны, балаларын дұрыс тамақтандырмай, киім алып бермегені анықталған. Сонымен қатар, ол бөтен адамдардың балаларға қол көтеруіне жол берген.
"3 пен 14 жас аралығындағы бес баласы бар ананың балаларын антисанитарлық жағдайда ұстап отырғаны туралы ақпарат анықталды. Балалар отбасынан алынып, әлеуметтік мекемеге орналастырылды", – делінген ақпаратта.
Аталған факті бойынша ата-аналық міндеттерін орындамау және салғырттық таныту баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Сондай-ақ, қамқоршылық органдары қызметкерлеріне қатысты да іс қозғалған. Полицейлердің мәліметінше, олар отбасының қолайсыз жағдайда өмір сүріп жатқанын біле тұра, балалардың құқығын қорғамаған.
Бұған дейін Ақтауда жасөспірімдер суға кете жаздағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript