Израиль Иранға қарсы әскери іс-қимылдарды қайта жандандыруға кірісіп жатыр - БАҚ

Израиль, Иран, соғыс, БАҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2026 10:15 Сурет: freepik
Израиль Иранмен арадағы әскери іс-қимылдарды қайта жандандыруға кірісіп жатыр. Бұл туралы өз дерек көзіне сілтеме жасай отырып, Channel 12 телеарнасы ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Газета.гu басылымының хабарлауынша, бірнеше күн бұрын Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранмен арадағы соғыс "әлі аяқталған жоқ" деп мәлімдеді. Өйткені, оның пікірінше, "Иран шығарылуы тиіс ядролық материалдарға, байытылған уранға әлі де ие".

Осыдан кейін тағы бір тың ақпарат пайда болды.

"Біз бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылатын әскери іс-қимылдарды қайта бастауға дайындалып жатырмыз және АҚШ президенті Трамптың түпкілікті шешімін күтіп отырмыз", – деді телеарнаның анонимді дерек көзі.

Оның айтуынша, "толығырақ ақпарат 24 сағаттан кейін белгілі болады".

Біз бұған дейін жаһандық әуе нарығы пандемиядан кейінгі ең үлкен дағдарысқа тап болғанын хабарлаған болатынбыз. Таяу Шығыстағы соғыс авиакеросин құнының күрт өсуіне түрткі болды және сарапшылар азаматтық авиация саласын дағдарыс күтіп тұр деп санайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: