АҚШ-та Трампқа жақын сенаторлардың бірі қайтыс болды

Линдси Грэм, АҚШ, сенатор, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2026 12:50 Сурет: wikipedia
Оңтүстік Каролина штатының сенаторы, республикашыл Линдси Грэм 2026 жылдың 11 шілдесінде кешке дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабармен 71 жастағы саясаткердің кеңсесі бөлісіп, ресми хабарлама таратты. Одан кейін аталған ақпаратты жетекші халықаралық БАҚ-тар растады.

Ресми мәлімдемеге сәйкес, саясаткер өліміне аяқ-асты пайда болған дерті және оның қысқа уақытқа ұласуы түрткі болды. Саясаткердің отбасы қиын күндері өздеріне қолдау білдіріп, жылы сөздер айтып жатқандарға алғыс айтып, осынау ауыр кезеңде жеке өмір сүру құқығын құрметтеуді сұрады.

Грэм Конгрестегі саяси мансабын 1995 жылы бастап, 2003 жылдан бері АҚШ Сенатында Оңтүстік Каролинаны танытып келді. Соңғы жылдары ол ұстанымдары сыртқы саясаттың жекелеген мәселелері бойынша әртүрлі болғанына қарамастан президент Дональд Трамптың жақын одақтасы әрі ең ықпалды республикашылардың бірі болды.

АҚШ президенті Грэмнің қазасына байланысты желіде көңіл білдірді:

"Сенатор Линдси Грэм, мен білетін адамдар арасындағы ең тамаша әрі ең мықты сенаторлардың бірі еді. Ол әрдайым жұмысына адал, Америка патриоты болды. Линдсидің орны әрдайым үңірейіп көрініп тұрады. Өте өкінішті! Қабырғамыз қайысып, қайғырамыз!", деп жазды Трамп Truth Social-дағы парақшасында.

Бұған дейін Ұлыбританияда аборт пен эвтаназияға қарсы танымал саясаткерді өлтіріп кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: