Қытайдың кесірінен 2026 жылдың соңына дейін 300 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Сурет: pixabay
Oxu.Az басылымы жазғандай, еуропалық компаниялар тауарлардың арзандығына, юань бағамының төмен болуына және Қытай өнімдеріне көмірқышқыл газы шығарындылары үшін баж салығының салынбауына байланысты қажетті бөлшектерді Қытайдан сатып алуға мәжбүр.
Қытайдың Еуропалық одақпен саудадағы профициті рекордтық деңгейге жетіп, тәулігіне 1 млрд еуроны құрап отыр.
7 қыркүйекте Брюссельде Еуропалық комиссияның штаб-пәтері алдында наразылық акциясы өтеді. Акция кезінде он табыт қойылып, оларға "ЕО-ның бәсекеге қабілеттілігі", "Өнеркәсіптегі жұмыс орындары" және "Еуропалық зауыттар" деген жазулар жазылды.
Наразылық акциясы биліктің назарын Қытайдың негізгі жеткізу тізбектеріне мақсатты түрде еніп, тауардың толық өндірістік тізбегін бақылауға ұмтылып жатқанына аударуды көздейді.
Eurometal басшысы Александр Юлиус Қытайдың шикізат жеткізушісі емес, дайын компоненттер жеткізушісі болуға ұмтылып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Еуропалық комиссия Қытай экспансиясының салдарымен емес, импорттың Қытайға тәуелді болуына әкелетін "вируспен" күресуі керек.
Бұған дейін Астанада өндірілген өнімдердің қай елдерге экспортталатыны туралы жазған едік.