Жалақысын ала алмаған ер адам миллиард теңгенің тауарын өртеп жіберді

Жалақысын ала алмаған ер адам миллиард теңгенің тауарын өртеп жіберді , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 12:05 Сурет: pexels
Үндістанның Сурат қаласында полиция жалақысы ретінде тиесілі 100 долларды ала алмағаны үшін тоқыма базарын өртеді деген күдікпен 33 жастағы ер адамды ұстады. Келтірілген шығын бірнеше миллион долларға бағаланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Hindustan Times мәліметінше, бейнебақылау камераларына ер адамның түнде дүкендердің бірінің жанындағы мата бумаларын сіріңкемен өртегені түсіп қалған.

Өрт сауда кешеніне тез тараған.

Салдарынан 14 сауда павильоны толығымен жанып кетті. Полицияның бағалауынша, жалпы шығын шамамен 2,5 млн долларды (1 млрд 104 млн 399 мың 500 теңге) құраған.

Күдікті – Винод Пандит Савле. Ол базардағы дүкендердің бірінде шамамен үш ай жұмыс істеген. Ер адам бұл жұмысқа 2026 жылдың сәуірінде орналасып, маусым айында жұмыстан кеткен.

Ер адам басқа есепшімен және жұмыс берушімен жанжалдасқаннан кейін жұмыстан кеткенін мойындады. Оның айтуынша, жұмыс беруші оның жұмысына көңілі толмайтынын айтқан.

Өрт қоюға ер адамның өзіне тиесілі ақшаның төленбеуіне байланысты реніш білдіруі себеп болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: