Израиль Flydubai ұшағындағы оқиғаға қатысты алдын ала тергеу жүргізді

Израиль Flydubai ұшағындағы оқиғаға қатысты алдын ала тергеу жүргізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2026 13:02 Сурет: magnific
Израильдің Көлік министрлігі эмираттық Flydubai әуе компаниясының ұшағында болған төтенше жағдайға қатысты алдын ала тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru басылымының мәліметінше, тергеу қорытындысы бойынша Көлік министрі Мири Регев Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Шмуэль Бен-Эзраға үндеу жасап, "Flydubai рейсінде болған жағдайға ұқсас террорлық шабуылдардың қаупін азайту немесе олардың алдын алу үшін шұғыл шаралар қабылдауға" шақырды.

Бір күн бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Flydubai ұшағындағы оқиғаға Иран жауапты деп санай ма деген сұраққа жауап беріп, осы пікірді ұстанатынын растаған.

30 қыркүйекте Flydubai ұшағы басып алынғаны туралы дабыл беріп, радардан жоғалып кеткен. Кейін ұшақ Сауд Арабиясына шұғыл қонған.

Алдын ала мәлімет бойынша, екінші ұшқыш әуе кемесін апатқа ұшыратуға әрекет жасаған. Алайда ұшақ капитаны оған кедергі келтіріп, өзі ауыр жарақат алған. Шабуыл жасаған адамды залалсыздандыруға жолаушылар да көмектескен.

Израиль билігі бұл оқиғаның террорлық акт болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Бұған дейін Flydubai ұшағын басып алуға әрекет жасалғанына қатысты жаңа мәліметтер пайда болғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: