Дунай өзенінің суы тартылып, Румыния билігі шұғыл шаралар қабылдап жатыр

Дунай өзенінің суы тартылып, Румыния билігі шұғыл шаралар қабылдап жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2026 12:04 Сурет: pexels
Дунай өзеніндегі су деңгейі қауіпсіздік шегінен небәрі үш сантиметр жоғары көрсеткішке дейін төмендеді. Румынияның Ұлттық су ресурстары басқармасы шұғыл шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Radio România мәліметінше, Мостиштя өзенінің аңғарында орналасқан Изер су қоймасынан ағызылатын су көлемі уақытша секундына 20 текше метрге арттырылады. Бұл шара 2026 жылғы 18 қазанға дейін қолданылады.

Бұдан бөлек, Румыния билігі Олт өзеніндегі Избичени және Арджеш өзеніндегі Михэилешти су қоймаларынан суды бақылаулы түрде ағызуды ұйымдастырады.

Дунайдың Румыния аумағына кіреберісіндегі су шығыны секундына 1 200 текше метрден төмендеді. Чернаводэ қаласы маңындағы су деңгейі атом электр станциясын салқындатуға пайдаланылатын суды алуға қажетті ең төменгі көрсеткішке жақындап қалды.

Қазіргі уақытта реакторлардың салқындату жүйесіне қауіп төндірмеу үшін атом электр станциясы толығымен тоқтатылған. Мамандар өзен суының тартылуын ұзаққа созылған құрғақшылықпен байланыстырады.

Дунай – Еуропадағы ұзындығы мен суының молдығы жағынан екінші орында тұрған өзен. Ол Германия, Австрия, Словакия, Венгрия, Хорватия, Сербия, Болгария, Румыния, Украина және Молдова аумақтары арқылы ағады немесе осы мемлекеттердің шекарасын бойлай өтеді. Сондай-ақ өзен Еуропаның Орталық және Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі Вена, Братислава, Будапешт және Белград сияқты астаналар арқылы өтеді. Дунай алабына Швейцария, Италия, Чехия, Польша, Словения, Босния және Герцеговина, Черногория, Албания мен Солтүстік Македония аумақтарының да бір бөлігі кіреді.

Дунай атырауының Румынияға тиесілі бөлігі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: