Равшан рөлін сомдаған Михаил Галустян Тәжікстан халқынан кешірім сұрады
Сурет: Instagram/m_galustyan
2006-2011 жылдар аралығында ресейлік актер Михаил Галустян "Наша Russia" юмористикалық шоуында Равшан есімді мигрант-құрылысшының рөлін сомдады. Бұл фильм Тәжікстан халқының бір бөлігінің наразылығын тудырып, оны жеке-дара ұлтты қорлаушы карикатураға балаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Арада 15 жыл өткен соң Галустян Душанбеге ат басын тіреді. Ресейлік актердің бұл сапары әлеуметтік желіде үлкен наразылық толқынын тудырды. Осыған орай актер үндеу жолдауды ұйғарды. Видеода актер көрермендердің ар-намысына тиюі мүмкін бұрынғы рөлдері үшін кешірім сұрады.
Оның айтуынша, Душанбеге жасаған бұл алғашқы сапары оған мың жылдық тарихы мен мәдениеті бар Тәжікстан туралы үлкен ой салған.
Галустян өз сөзінде бұрын ойнаған рөлдеріне ерекше тоқталды.
"Егер менің бұрынғы жұмыстарым мен сомдаған рөлдерім біреуге ауыр тисе немесе менің Тәжікстанға келуімдегі қазіргі наразылыққа себеп болса, бұған шын жүректен өкінемін және сіздерден кешірім сұраймын. Бүкіл тәжік халқынан кешірім сұраймын", — деді Михаил Галустян.
Галустян сөз соңында Тәжікстан халқына қонақжайлылығы мен қонақтарға деген ерекше құрметі үшін алғыс айтты:
"Мен бұл сапарды ерекше жылылықпен еске алатын боламын".
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript