Тұмау кезінде ағзаға көмектесетін тағамдар
Сурет: pixabay
Нутрициолог Ақнұр Қозыбаева тұмау кезінде вируспен күресуге көмектесетін тағамдарды атады, деп хабарлайды Zakon.kz
Маман ауыра салып, бірден дәріханаға жүгірмеу керектігін ескертеді. Оның айтуынша, барлық дәрі құрамында адам ағзасына зиянды ауыр металдар бар.
Антибиотик ішкен сайын иммунитетіміз түсіп кетеді. Керісінше иммунитетімізді көтеретін табиғи өнімдерді тұтыну керек. Адам ағзасы вирусты жеңе алады. Ал антибиотикті тек дәрігердің тағайындауымен ішу керек. Ақнұр Қозыбаева
Маман тұмаумен күресуде бірінші кезекте жиі су ішу керектігін айтты.
Тұмауратып қалсаңыз, көбірек су ішуіңіз керек. Су ағзадағы вирусты шығаруға көмектеседі.
Нуртициолог сумен бірге зімбір мен сарымсақтың да пайдасы зор екенін атап өтті.
Екінші, зімбірді пайдалану керек. Суға қосып ішсе болады, дәмдеуіш ретінде де тұтыну керек. Вирусты жоюға көмектесетін үшінші ғажап өсімдік – сарымсақ. Сорпаға қосып ішуге болады, сарымсақты ұнатпайтындар бананға езіп жесе де болады. Қызылшаны пісіріп, сарымсақпен араластырып салат ретінде тұтынуға кеңес беремін.Ақнұр Қозыбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript