Димаштың өнеріне тәнті болған индонезиялық қыз қазақтың ұлттық киімін тікті
Сурет: Instagram/rizky_survive.star
Димаш Құдайбергеннің Индонезиядағы жанкүйері өз қолымен қазақтың ұлттық костюмін тігіп шықты. Кики Чанды қазақша сәукеле мен көйлек тігуге шабыттандырған Қазастанның бірегей мәдениеті болған, деп хабарлайды Zakon.kz
Димаш әрқашан туған елінің мәдениетіне зор сүйіспеншілікпен қарайды. Жеке өзім үшін Қазақстанның мәдениеті ғажап әрі ерекше болғаны соншалық, қазақтың ұлттық киімін киіп немесе ұлттық музыкалық аспабын тартып көргім келді. Қазақстанның сұлулығы менің жүрегімді және дүниежүзіндегі барлық Dears-тың жүрегін жаулап алды.Кики Чан
Бала күнінен әртүрлі ұлттардың дәстүрі мен әдет-ғұрпына қызығатын Кики Чан қазақтың да ұлттық костюмін тігіп көргісі келіпті.
Cурет: Instagram/rizky_survive.star
Кики Чан қазақтың ұлттық киімін зор құрметпен әрі ерекше ыждағаттылықпен тіккенін айтады. Материал мен образды ұзақ таңдап, ақыры бір тоқтамға келген.
Сөйтіп ол қазақтың туы бейнеленген жамылғы тігуді құп көріпті. Кики Чанның айтуынша, киімдегі ақ үлпек те бекерге таңдалмаған. Ол Қазақстанның суық, қарлы климатынан хабардар етеді.
Сурет: Instagram/rizky_survive.star
Ту мен ою-өрнекті моншақпен өте мұқият кестеледім. Дайын болған мантияны үлкен құрметпен киемін, себебі ту – елдің символы. Мен Индонезия мен Қазақстан арасындағы достықты білдіре отырып, қазақ мәдениетін көрсете алғанымды мақтан тұтамын. Сондықтан бұл костюмді тіккеніме қатты қуандым.Кики Чан
Сурет: Instagram/rizky_survive.star
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript