Жаңалықтар тізбегі
0

Қадір түнін қалай өткіземіз – имам жауап берді

мешіт, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2022 16:39 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте қадір түнін қалай өткізуге болатыны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күнге созылады. Ал сәуірдің 27-cінен 28-іне қараған түн – Қадір түні.

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан Қадір түнін өткізуге қатысты бірнеше кеңес айтты. Бас имамның сөзінше, Қадір түні қасиетті болғандықтан оны құлшылықпен өткізгеніміз жөн. Сонымен қатар қасиетті түнді сыртта өткізгісі келетін адамдар мешітке баруына болады.

Қадір түні – Құдайдың рамазан айындағы ерекше сыйы. Бұл – мың айға тек келетін түн. Әдетте сіз бен біз үшін өте қымбат, маңызды шара болса, біз оны міндетті түрде жақсы дайындықпен, әр сәтін барынша сезініп өткізуге тырысамыз. Қадір түні қасиетті болғандықтан оны құлшылықпен, мысалы, намаз, оқу, құран оқу, дұға жасау сияқты іс-әрекетпен өткізгеніміз дұрыс. Бұл түнді ұйқысыз өткізсем болды деген мақсат жоқ. Адам теледидар көріп немесе «шаруамды бітіріп алайын» деп өткізуіне болады. Бірақ мұндай әрекеттер Қадір түнінің мол сауабынан мақрұм қалдыруы мүмкін. Сол себепті ол күні мешіттің барлығында арнайы бағдарлама жасалады. Мешіттің көбінде құран-хатым жасалады. Қадір түні құран-хатым түсірілетін мешіттерге баруға болады.Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан

 Ал Қадір түнін отбасымен үйде өткізгісі келетін адамдарға бас имам сол түні арнайы көрсетілетін діни бағдарламаларды қарап, діни кітаптарды оқып, білетін дұғаларды қайталауға кеңес берді.

Дұға тілеу түні болғандықтан өзіңіз білетін дұғаны айтып, сұрайтыныңызды сұрап, жақсы тілек айтып, ғибадатта өткізген дұрыс. Бұл түні жақсы, ізгі амал жасап, құлшылық жасап өткізуге кеңес береміз. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: