WhatsApp бейтаныс адамдармен хабарласуды жеңілдетеді

WhatsApp, смартфон, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2022 10:13 Сурет: pixabay
Android жүйесіне арналған WhatsApp-тың бета-нұсқасында контактілері сақталмаған адамдармен сөйлесуді жылдам бастауға көмектесетін жаңа мүмкіндік пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ferra.ru сайтының хабарлауынша, Android жүйесіне арналған WhatsApp-тың соңғы бета-нұсқасында (v2.22.8.11) чатта сақталмаған нөмірмен cөйлесу үшін бірнеше опцияны ұсынатын жаңа мүмкіндік қарастырылды.

Бөтен нөмірді бассаңыз, жаңа мәзір ашылады.

Мәзірде үш опция бар:

  • бейтаныс адаммен WhatsApp чатын бірден бастау;

  • оған қоңырау шалу;

  • нөмірін сақтау.

Бұл мүмкіндік қолданушылардың барлығына қашан қолжетімді болатыны әлі белгісіз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: