«Delta Bank» лицензиядан не себепті айырылды?

Банкті лицензиядан айыру басқа қаржы ұйымдарына қауіп төндірмейді.

Фото: 6 Қараша 2017, , 11:25
ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың БАҚ-тың «Delta Bank» АҚ-тың банктік және өзге операциялар мен бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясын қайтарып алу жағдайына байланысты келіп түскен сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап. Олег Смоляковтың айтуынша «Delta Bank» АҚ-ты банктік лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдауға мынадай факторлар негіз болды. Бірінші кезекте, кредиттік тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі рәсімдердің кемшіліктері, олар қаржылық жай-күйі орнықсыз қарыз алушыларды кредиттеуге, сондай-ақ сапалы («нақты») кепілмен қамтамасыз етілмеген қарыздар беруге мүмкіндік берді, кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің айтарлықтай өсуіне алып келді. Мәселен, 2017 жылғы 1 қазанда мерзімі өткен қарыздар Банктің несие портфелінің 99,7%-ын(314,8 млрд. теңгені) құрады. Екіншіден, лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдау сәтінде Банктің корреспонденттік шоттарындағы және кассасындағы ақша қалдығы 215,1 млн. теңгені құрады. Сонымен қатар, депозиторлар мен кредиторлар алдындағы мерзімі өткен міндеттемелер сомасы шамамен 79,8 млрд. теңгені құрады.
Ұлттық Банк банк капиталының қабылданған тәуекелдерге барабар емес және өтімділіктің төмен көрсеткіші жағдайларында банкті қаржылай қолдауды қамтамасыз етудің аса қажеттілігін атап өтіп, банк қызметін қадағалау шеңберінде ұзақ кезең бойы «Delta Bank» АҚ-тың менеджменті мен оның акционерлері арасында ашық диалог жүргізді. Соған қарамастан, Банктің ірі акционері тарапынан банкті барабар қаржылық қолдау жүзеге асырылған жоқ, -деді Олег Смоляков.
Банктің активтері мен міндеттемелерінің банк секторының жиынтық активтері мен міндеттемелеріндегі үлесінің төмен (1%) болуына байланысты Банкті лицензиядан айыру басқа қаржы ұйымдарын тәуекелдерге ұшыратпайтындығын атап өткен жөн. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 402 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған Банктің барлық басқару органдарының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшілік сот тарату комиссиясын тағайындағанға дейін жұмыс істейтін болады. 2017 жылғы 3 қарашадан бастап уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға, Банкке түскен ақшаны есептеуге байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және Банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңнамада көрсетілген тәртіппен Банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен сотқа жүгінеді. Сот Банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған күннен бастап кредиторлардың Банкке талаптары Банкті ұстауға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, тарату ісіне ғана ұсынылуы мүмкін. Банк жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру қорының қатысушысы болып табылады. Теңгемен және шетел валютасымен депозиттер, төлем карточкаларындағы және банк шоттарындағы ақша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кепілімен қорғалған. Кепілдің ең жоғарғы шегі: - теңгемен депозиттер бойынша – 10 млн.теңгеге дейін; - шетел валютасымен депозиттер бойынша – 5 млн. теңгеге дейін болды. Осыған байланысты, депозиторларға белгіленген тәртіпте кепілді өтем төленеді. Барлық қызықтырған мәселелер бойынша Банктің +7(727) 2 44 85 55 «жедел желісі» телефоны бойынша, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7(727) 278 80 84 телефоны бойынша және ҚР Ұлттық Банкінің Банктерді қадағалау департаментіне +7(727) 270 48 93 телефоны бойынша өтініш беруге болады.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ