Қарағанды қаласында болған ірі жол апатында 2 адам қаза тапты

Жол апатына себепкер болған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: 6 Қараша 2017, , 13:05
Қазіргі таңда, Шахтер даңғылында болған жол көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Респупубликасы Қылмыстық Кодексінің 345 бабы 4 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы zakon.kz Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды. Жол –көлік оқиғасын жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ағымдағы жылдың 5-ші қарашасында 26-жастағы «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі Шахтер даңғылынан Республика даңғылына бара жатқан жолда сол бағытта кетіп бара жатқан 45-жастағы азаматтың басқаруындағы «ВАЗ 2107» автокөлігімен соқтығысып, кейін жолдың қарсы бетіне шығып, «Mersedes benz Vita» және «Lexus RX 300» автокөліктерімен соқтығысқан. Жол –көлік оқиғасының салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісімен жолаушысы алған дене жарақаттарының салдырынан оқиға орынында қайтыс болған. Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Фото: www.qazaquni.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ