Батыс Қазақстан облысында заңсыз аң аулау азаяр емес

Қазір 3 дерек бойынша да қылмыстық іс қозғалды.

Фото: 7 Қараша 2017, , 10:26
Батыс Қазақстан облысында 80 дана киік мүйізін көлігіне тиеп алып бара жатқан азамат ұсталды. Өңірде соңғы 10 күнде заңсыз киік аулаудың 3 дерегі анықталған, деп хабарлайды QAZAQSTAN Ұлттық телеарнасы. Жаңақала ауданына қарасты Мәштексай ауылында заңсыз аңшылықпен айналысқан 2 азамат қолға түсті. Көліктен 3 киіктің басы мен аңшы мылтығы, оқ-дәрілер табылды. Сондай-ақ, 12 киіктің мүйізін салып алған Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылының 3 азаматы ұсталды. Ал, 80 дана киік мүйізін қапқа салып, оңай олжаға кенелмек болған Қазталов ауданының тұрғыны жол бекетінде инспекторлардың қолына түсті. Қазір 3 дерек бойынша да қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүруде. Заңсыз деректер «Браконьер» жедел іс-шарасының нәтижесінде анықталды.
- Осындай заңсыз аңшылықпен жыл басынан бері 62 факті анықталды. Соның ішінде 38 азамат ұсталып, 19-мен бүгінгі таңда соттың шешімі қабылданып, әр түрлі жазаларға тартылды, -дейді Табиғатты қорғау полициясы бөлімінің бастығы Еламан Уәлиев.
Ардақ Мұратқызы Фото: nukte.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ