Ұлттық қорғаныс университетінің базасында семинар-тренинг өтті

Семинар-тренинг аяқталысымен барлық тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылды.

Фото: 7 Қараша 2017, , 13:00
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасымен «Қазақстан жолы: Мәңгілік ел» тақырыбында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің магистранттары, докторанттары мен профессорлық-оқытушылар құрамына арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының жетекші ғылыми қызметкерлері практикалық жаттығулар мен тренингтерге қатысты. Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова «Этникааралық және конфессияаралық келісім: стереотиптер мен теріс ұғым» тақырыбында дәріс оқыды. Ұлттық қорғаныс университеті бастығының бірінші орынбасары полковник Амангелді Тоғысов «Тұңғыш Президент кітапханасы өткізіп отырған мұндай семинарлардың арқасында Қазақстан Республикасының болашақ басқару құрамына инвестициялар құйылатынын атап өтті. Келешекте бұл салым еліміздің әрі қарай дамуына сөзсіз өз үлесін қосады. Білім беру бағдарламасы қазақстандық бірегейлікті нығайту мен дамытудың маңызды тетігіне айналады деп санаймын және алғыс ретінде кітапханаға «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл» кітабын сыйға тартты. Өз кезегінде, кітапхана директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов университеттің ұжымына алғыс айтып, «Назарбаев моделі» және «Ұлы дала ұлағаттары» кітаптарын тарту етті. Семинар-тренинг аяқталысымен барлық тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университеті және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы кітапхана арасында ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум шеңберінде 20-ға жуық іс-шара өткізілгенін айта кетейік. Оған профессорлық-оқытушылар құрамы, университеттің докторанттары мен магистранттары санынан 500-ден аса адам қатысты.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ