Алматы облысында танысын өлтіріп, өртеп жіберген қаскөй ұсталды

Zakon.kz
Қазір 26 жастағы күдікті қамауда отыр.
Алматы облысында танысын жауыздықпен өлтірген күдікті ұсталды. Қазір 26 жастағы жігіт 30 жастағы азаматтың өліміне кінәлі деп тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған оқиға 7 қараша күні Текелі қаласында болған. Жергілікті тұрғындардың бірі қоқыс алаңынан өртенген жас жігіттің мәйітін тауып алған. Полицейлер бірден өлген адамның кім екенін анықтады. Қазір 26 жастағы жігіт өзінің 1996 жылғы дос қызымен бірге күдікті ретінде тергеліп жатыр.

«Ұсталған күдіктінің берген түсініктемесінде, аталған жағдай дастархан басында ішімдік ішіп отырған кезде туындаған. Екі ер азамат қыз үшін сөзге келмей, жанжалдасып, соңы адам өлімімен аяқталған. Күдікті мәйіттен құтылу үшін оны қоқыс алаңына апарып, жағып жіберуге әрекеттенген», деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қазір 26 жастағы күдікті қамауда отыр. Ал қылмыстық іс жөнінде құзырлы органға хабарламаған 21 жастағы қыз да қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Қазір ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» фактісі бойынша тергеу жалғасуда.

Фото: inform.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды