ОҚО полицейлері жаңа туған баланы өлтірген күдікті әйелді ұстады

Қазіргі таңда полицейлер қылмыстың барлық мән-жайын анықтауда.

Фото: 9 Қараша 2017, , 12:17
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 20 қазан күні Шымкент қ. Абай ПБ-нің қоқыс жәшігінен жас нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 100 бабы «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бойынша СДТБТ-не тіркелді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. Күдікті әйелді іздестіруге ОҚО ІІД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. ОҚО ІІД қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Астана қаласының 26-жастағы тұрғыны анықтап, күдікті келіншекті Астана қаласынан тапты. Ол өз кінәсын толық мойындап отыр. Қазіргі таңда полицейлер қылмыстың барлық мән-жайын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу үшін күдіктіні жақын күндері Шымкент қаласына жеткізетін болады. Фото: www.cheltv.ru

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ