ҚР Қарулы Күштерінің басшылық құрамы командалық-штабтық әскери ойынға қатысты

Zakon.kz
Екі жақты командалық-штабтық әскери ойынның мақсатына қол жеткізілді.
Оқу-әдістемелік жиын шеңберінде ағымдағы жылғы қарашаның 8-і мен 9-ы аралығында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің жетекшілік етуімен Ұлттық қорғаныс университетінің базасында ҚР Қарулы Күштерінің басшылық құрамымен «Операцияларды ұйымдастыру жөнінде әскери басқару органдарының жауынгерлік жұмысы» тақырыбында екіжақты командалық-штабтық әскери ойын өткізілді.



Командалық-штабтық әскери ойын қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде әскери басқару органдарының іс-қимыл алгоритмін пысықтау, әртүрлі стратегиялық бағыттарда әскери іс-қимылдарды жоспарлау және ұйымдастыру барысында генералдар мен офицерлердің кәсіби деңгейін тексеру мақсатында өткізіледі.



Әскери ойын барысында әртүрлі қарқындылықтағы жанжалдарда олардың жауынгерлік тапсырмаларды орындауы кезінде жедел және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық түрлерін ұйымдастыру мәселелерін пысықтау жоспарлануда.



Екі жақты командалық-штабтық әскери ойынның мақсатына қол жеткізілді. Қабылданған шешімдердің талдауы және олардың дәлелдемесінің бағалануы жүргізілді.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды