Павлодарлық өрт сөндірушілер 10 адамды балкон арқылы сыртқа алып шықты

Тілсіз жауды ауыздықтауға бір автоцистерна жұмылдырылып, жеке құрамнан 15 адам жұмыс істеді.

Фото: 15 Қараша 2017, , 10:34
Павлодарда Суворов көшесі, 7/1 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы екі бөлмелі пәтерде үй жиһаздары өртенді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.
- Қызыл жалын екі шаршы метр аумақты шарпыған. Оқыс жағдай орын алғаны туралы хабарлама кезекшілік бөліміне сағат 15.25-те түскен. Сағат 15.56-да толығымен сөндірілді. Құтқарушылар балкон арқылы автосатының көмегімен 10 адамды сыртқа шығарып, өрттен аман алып қалды. Оның төртеуі – балалар. Пәтер иесі 1959 жылғы азаматша. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ, - деді департаментте.
Тілсіз жауды ауыздықтауға бір автоцистерна жұмылдырылып, жеке құрамнан 15 адам жұмыс істеді. Ақбота Сейсенбаева Фото: pavlodarnews.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ