Ұлт тарихына байланысты жаңа кітап жарық көрді

Кітапта ұлт тарихына байланысты ежелгі дәуірден күні бүгінге дейінгі негізгі ұғымдары толыққанды баяндалған.

Фото: 16 Қараша 2017, , 11:21
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректемесі» атты жаңа оқу құралы жарық көрді. Кітап авторы – тарих ғылымдарының кандидаты Ердәулет Берлібаев. Бұл туралы оқу орнының Медиа орталығы хабарлады. Кітапта ұлт тарихына байланысты ежелгі дәуірден күні бүгінге дейінгі негізгі ұғымдары толыққанды баяндалып, оның мәні мен маңызы, негізгі ұғымдары жайында орамды ойлар айтылған. Сонымен қатар, ғылыми-теориялық негіздері сараланып, тарихнамалық, деректемелік талдау жасалған. Оқу құралы 5 бөлімнен тұрады. Онда Қазақстанның көне дәуірінің тарихы мен археологиялық зерттеулері, XVIII-XX ғасырлар басындағы ұлт тарихына қатысты деректемелер мен еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы тарихының неғұрлым маңызды кезеңдері қамтылған. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасының басым бағыттары мен міндеттеріне тарихи көзқарас тұрғысынан шолу жасалған.
– Төл тарихымызды оқыту барысында мамандардың алдында жас ұрпақтың санасында жаңа қазақстандық патриотизмді орнықтыру мәселесі басты міндет болып отыр. Бұл өз кезегінде жастардың ұлттық сана-сезімі мен ұлтжандылығын дамытуға, олардың тарихи және әлеуметтік жадысын шыңдауға сеп болмақ. Педагогтар шәкірттерге «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын eлімізді мекендейтін барлық халықтар қacтeрлeйтін жeтeкші идeя рeтіндe түсіндіріп, оның ғылыми нeгіздeмecін жacaп арнайы оқытуға да ерекше маңыз берілуде. Дәл оcы көзқaрac тұрғыcынaн қaрaғaндa eліміздің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттерге өз мамандығына сай білім беріп ғана қоймай, олардың ұлттық caнa-ceзімін қaлыптacтыратын арнайы оқу құралдары мен танымдық дүниелер шығару қажеттілігі туындап отыр, – дейді кітап авторы.
Е. Берлібаевтың айтуынша, қазіргі кезеңде Қазақстанның тарихнамасы мен деректемесі пәні бойынша оқу құралдары жетіспейді. Ұлт тарихының әлі де болса жете қарастыратын қалтарыстары баршылық.
– Кітапта бұрын сыңаржақ қарастырылып келген тарихи оқиғаларға жаңаша баға берумен қатар, қазақ тарихындағы кезінде жазуға тыйым салынған «ақтаңдақ» беттерін бүгінгі биік талаптар тұрғысынан сараланып, ғылыми тұрғыда қайта зерделенді. Оқу құралы жоғары оқу орындарында білім алып жүрген студенттердің тарихи санасын бүгінгі уақыт шеңберінде қалыптастыруда сүбелі үлес қосады деген ойдамыз, – деп атап өтті ол.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ