Қостанайдағы психиатриялық аурухананың бас дәрігерін өлтіргендер сотталды

Қостанайда біраздан бері тергеу істері мен соты жүріп жатқан жантүршігерлік қылмыстық істің нүктесі қойылды. Психиатриялық аурухананың бас дәрігерін өлтіруге қатысқан дәрігер 25 жыл түрмеде отырады.

Фото: 20 Қараша 2017, , 16:16
Осы жылдың ақпан айында облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері Рашида Сандыбаеваны айуандықпен өлтіргендер ұсталған болатын, деп хабарлайды Егемен Қазақстан газеті. Олардың соты аяқталып, кінәлілерге жаза қолданылды. Бұрынғы бас дәрігерді өлтіруге сұраныс беріп, ақысына 20 мың доллар уәде еткен психиатр дәрігер Зәуреш Изалдина 25 жылға бас еркінен айырылды. Ол орта қауіпсіз колонияда отыратын болады. Оның бұрынғы пациенті Руслан Ғафаров 24,5 жылға, баскесерлер Болат Китибаев пен Виктор Кодатенко 22 және 15 жылды арқалады. Қылмыскерлердің барлығы жазасын қауіпсіздігі барынша төмен колонияларда өтейтін болады. Нәзира Жәрімбет Фото: egemen.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ