Cолтүстiк Қазақстан облысында «Ашық Әкiмдiк» жобасы жүзеге асуда

Қазiр мемлекеттiк органдар 384 қызмет түрiн көрсетедi. 9 айда 3,5 миллион қызмет жасалды.

Фото: 21 Қазан 2017, , 16:39
СҚО әкiмдiгi жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өттi. Комиссияның отырысына ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев, республикалық арнайы мониторинг тобының мүшелерi, жергiлiктi атқарушы және аумақтық органдардың өкiлдерi қатысты. Ведомствоаралық комиссия отырысының басты тақырыбы — мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын арттыру. Жиналысты ашқан облыс әкiмi Құмар Ақсақалов халыққа мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын арттыру — сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алудың басым тетiктерiнiң бiрi деп атап өттi. Жиында ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi министрлiгi СҚО бойынша департаментiнiң басшысы — Әдеп кеңесiнiң төрағасы Ғалым Тұрсынбаев биыл елуден аса мемлекеттiк органның тексерiстен өткенiн, 149 ұсыныс жасалғанын айтты. Ғалым Тұрсынбаев мемлекеттiк мекемелерде қызметшiлердiң жиi ауысуы туралы мәселе қозғады. Алик Шпекбаев бұл сұраққа ерекше көңiл бөлудi тапсырды. Кейбiр мемлекеттiк органдарда пандустың жоқтығы да айтылды. «Құпия сатып алушы» акциясының аясында 64 ескерту жасалды. Қазiр мемлекеттiк органдар 384 қызмет түрiн көрсетедi. 9 айда 3,5 миллион қызмет жасалды. Барлық аудандарда өз-өзiне қызмет көрсету бұрыштары ашылуда. Халықты онлайн қызметтер туралы ақпараттандыру басым бағыттардың бiрi. Әр мемлекеттiк орган жемқорлық қаупiн анықтау мақсатында iшкi талдау жұмысын жүргiзуi тиiс. Осыған Алик Шпекбаев ерекше мән бердi. СҚО әкiмi аппаратының басшысы Мадияр Қожахметтiң айтуынша, облыста тұрғындардың тарапынан түскен арыздардың көлемi азаюда. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткiш 25 пайызға кемiген. СҚО-да «Ашық Әкiмдiк» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобаның мақсаты тұрғындарға кеңес және алғашқы көмек беру. Көмек беру алаңдары әр ауданда жұмыс iстейтiн болады. Жиында көлiктi тiркеу және шығару функциясын халыққа қызмет көрсету орталықтарына беру ұсынысы айтылды. Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов бұл ұсынысты қолдады. Республикалық топтың жұмысын қорытындылаған Алик Шпекбаев СҚО жемқорлық деңгейi төмен аймақтардың қатарына кiретiндiгiн атап өттi. Облыста халыққа мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Отырыс соңында Құмар Ақсақалов айтылған бүкiл ұсыныстар мен ескертулер алдағы уақытта ескерiлетiндiгiн жеткiздi.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ