Алматы облысында заңсыз құлан атқан азамат сотталуы мүмкін

Zakon.kz
Күдікті түсініктемесінде қызыл кітапқа енген жануарды атып алғанын айтқан.
Алматы облысында қызыл кітапқа енген құланды атқан азамат ұсталды. Кербұлақ ауданындағы Қарашоқы ауылының 45 жастағы тұрғыны құлан етін бөлшектеп, тұздап жатқан сәтінде құрықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күдіктіні облыстық табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Алтын емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жүргізген рейдтік шара барысында қолға түсірген. Ұлттық паркпен шекаралас аумақтағы шаруа қожалығында 45 жастағы ер адам құлан етін бөлшектеп, тұздап жатқан сәтінде құрықталған. Күдікті түсініктемесінде қызыл кітапқа енген жануарды атып алғанын айтқан.

Оның үстінен ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, айғақ заттар сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ, ер азаматтан еш жерде тіркелмеген ұңғылы мылтық тәркіленді. Полицейлердің мәліметінше, қызыл кітапқа енген жануарды атқаны үшін оған 3 мың АЕК көлемінде айыппұл салынуы немесе 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды