Ұ.Сәдібеков «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуы бойынша Сарыағаш ауданында болды

Бүгінгі таңда ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 146 іс-шара өткізіліп, оған 18 мыңға жуық адам қатысқан.

Фото: 3 Қараша 2017, , 10:51
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалалық мақаласының ауданда орындалуы бойынша облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков бастаған арнайы топ Сарыағаш ауданында болды. Онда жұмысшы топ аудан активімен кездесіп, облыс әкімінің арнайы бекіткен кестесіне сай келіп отырғандарын жеткізді. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтің төрағалығымен өткен жиында Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген латын әліпбиі мен бағдарламалық мақалада айтылған өзге де міндеттемелерді жүзеге асыру жайы талқыланды. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары латын графикасына көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айтып, Жарлықта айтылған шараларды жүзеге асыруда жұмыла жұмыс атқару қажеттігін атап өтті. Айта кетейік, бүгінгі таңда ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 146 іс-шара өткізіліп, оған 18 мыңға жуық адам қатысқан. Ал «Туған жер» бағыты аясында 48 жоба, 122 іс-шара жүзеге асырылуда. Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында нақтыланған алты бағыт бойынша тиісті іс-шараларды атқаруды тапсырды. Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары бастаған жұмысшы құрам аудандағы №10 Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-интернатында болып, білім ордасының ұжымымен кездесті. Фото: ontustik.gov.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ