Алматы облысында Тұңғыш Президент күні қарсаңында 35 әлеуметтік нысан ашылады

Zakon.kz
Айрықша атап өтетіні, Қарасай ауданы, Шамалған аулындағы«Атамекен» тарихи-мәдени орталығының ашылуы.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсалық Омар мәлімдеді.

Өзіңдік қызмет атқаратын нысандардың 35-і Тұңғыш Президент күніне ал қалған 65-і тәуелсіздік күніне орай ашылады. Оның ішінде мектептер, балабақшалар, мәдениет және спорт нысандары, ауылдық жерлерде учаскелік инспекторлар пункті,дәрігерлік амбулаториялар және тағы да басқа жаңанысандар ел игілігіне беріледі. Айрықша атап өтетіні, Қарасай ауданы, Шамалған аулындағы«Атамекен» тарихи-мәдени орталығының ашылуы. Онда Елбасының балалық шағынан бастап, қазіргі кезіне дейінгі құнды деректер бар.

«Атамекен» өлкетану кешенінің ашылуына өңірлік кәсіпкерлер мен мәдениет басқармасыүлкен көмегін тигізді. Сонымен қатар, Астана қаласындағы Тұңғыш Президент музейі, Президенттің іс басқармасы мен қоры бізге бірнеше экспонаттарын сыйға берді. Бұл болашақ өсіп келе жатқан ұрпақ үшін теңдессіз жақұт десек те болады. Себебі, аталмыш кешен Елбасымыздың ерен еңбегін көруге мүмкіндік береді», - деді Жақсылық Мұқашұлы.

Айта кетейік, облыс бойынша осы мейрамдар алдында 700 іс-шара бекітілді. Соның ішіндегі 350 шарасы 1 желтоқсанда өткізіледі.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды