Маңғыстауда облысында жаңа кадрлық тағайындаулар болды

Жиында облыс әкімі Ералы Тоғжанов жаңа қызметтерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Фото: 4 Желтоқсан 2017, , 15:16
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов аппараттық жиында жаңа кадрлық өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімінің бірінші орынбасары болып Серік Аманғалиев тағайындалды. Ол 1960 жылы 6 желтоқсанда Гурьев облысы Махамбет ауданының Махамбет ауылында дүниеге келген. 1983 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы орта мектептің тарих пәні мұғалімінен бастап, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, кейін мектеп директоры болып қызмет атқарды. 1995-2007 жылдары – Атырау облысында Махамбет аудандық және қалалық білім бөлімінің бастығы, кейін облыстық білім департаментінің директоры қызметінде болды. 2008-2011 жылдары – Атырау облысының Құрманғазы ауданының әкімі, облыс әкімінің орынбасары болды. 2011 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды. «Құрмет» орденімен (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002), «Астананың 10 жылдығы» (2008), Ы. Алтынсарин атындағы медальдарымен (2006), «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен (1998) марапатталған. Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Талғатбек Бапиев тағайындалды. Ол 1969 жылы Шығыс-Қазақстан облысы, Үржар ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 1996 жылы Семейдің мемлекеттік медицина институтын, 2013жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін емдеу ісі, дәрігер, менеджмент бакалавры бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Семей қаласының №3перзентханасында дәрігер-анестезиолог қызметінен бастаған. 1997-2010 жылдар аралағында Алматы қаласында дәрігер, ғылыми қызметкер, гемодиализ бөлімшесінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2010 жылдан бастап Алматы қаласындағы «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» кәсіпорнының бас дәрігері болды. Талғатбек Бапиев - медицина ғылымдарының докторы. 90-нан астам ғылыми еңбектің авторы. Денсаулық сақтау саласының үздігі, Қазақстан және Қырғыз Республикасы Хирургтар қауымдастығының мүшесі, Ресей Диализді қауымдастығының мүшесі, Еуропа трансплантологтар қауымдастығының мүшесі. Жиында облыс әкімі Ералы Тоғжанов жаңа қызметтерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ