Қызылордада велокросс жарысы өтті

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Фото: 5 Желтоқсан 2017, , 09:44
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Қызылордада жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында велокросс жарысы өткізілді. Алғашқы мәрте ұйымдастырылған жарысқа №3 облыстық велоспорт жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары қатысып, үздіктер анықталды. Жарыс барысында ұлдар 15, қыздар 10 мәрте айналым өтіп, бақ сынасты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды. Нәтижесінде: 2001 ж.т. және одан жоғары ұлдар: 1-орын Ерсұлтан Али 2-орын Азамат Алиасқар 3-орын Дамир Амантай 2002-2003 ж.т. ұлдар: 1-орын Әсет Орынбасар 2-орын Дастанбек Ахатов 3-орын Нұржігіт Күзембаев 2004-2005 ж.т. ұлдар: 1-орын Жарасқан Жантөре 2-орын Ердос Ахметжан 3-орын Нұрқанат Абылай 2002 ж.т. және одан жоғары қыздар: 1-орын Аружан Ғалымжанқызы 2-орын Анастасия Иванова 3-орын Меруерт Амандық 2003 ж.т. және одан кіші қыздар: 1-орын Юлдуз Калменова 2-орын Лиза Маханбетжан 3-орын Асылзат Рабаева

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ