Бір топ бұзақылар Айдана Меденованың сән салонын талқандап кеткен

stan.kz
Полицияға арыз жаздық, бірақ олар қол қусырып қарап отыр.

Бір топ бұзақылар Айдана Меденова сән салонына қасақана түрде зақым келтірген. Қылмыскерлер бейнебақылау камерасына түсіп қалған, видеодан олардың бет-жүзін анық көруге болады. Алайда соған қарамастан, полиция бұзақыларды іздеуге асығар емес, дейді ашынған Меденова. Дәл осы себепті әнші желі қолданушыларынан көмек сұрады, деп хабарлайды Stan.kz.

“Барша Instagram қолданушыларының назарына, мүмкін мына видеодағы “зиянкестерді” сіз танып қаларсыз?!

2 желтоқсан күні саған 23.20-да белгісіз үш адам “Айдана Меденова” сән салонының аймағына кіріп, өңдегіш плиталарды бұзып кеткен.

Полицияға арыз жаздық, бірақ олар қол қусырып қарап отыр. Ешқандай жауап та, хабар да жоқ. Сондықтан да оларды әлеуметтік желі арқылы іздемек ойым бар.

Осы адамдарға айтарым: Өзіңді таныған болсаң, салонға келіп, бұзып кеткен нәрсеңді қалпына келтір. Еркек емессің бе? Ол саған тиесілі зат емес және сен оны соққан жоқсың. Мүмкін ұсақ-түйек нәрсе шығар, бірақ ол уақыт пен ақшаны талап етеді”, – дейді ашынған Айдана.

Фото: stan.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды