Қытайлық студенттер қазақ тілінен диктант жазып жарысты

Қазіргі таңда 21 қытайлық студент қазақ тілін үйреніп жатыр.

Фото: inform.kz 8 Желтоқсан 2017, , 11:12

Қытайдың Сиань шет тілдері университетінде (СШТУ) қазақ тілін насихаттауға бағытталған «Жеті жұрттың тілін біл» атты байқау өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Байқау ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай СШТУ жанындағы «Қазақстан орталығында» ұйымдастырылды.

Қатысушыларға - 1-інші курс студенттеріне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір және еңбек жолын баяндайтын «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» фильмі көрсетілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі тармақтары талқыланды.

Диктант жазу, мәнерлеп оқу және өлеңді жатқа оқу сынды үш кезеңнен тұрған байқау қорытындысы бойынша, 1-орынды Ан Кайсин, 2-орынды - Чжан Вэньлин мен Юэ Бэйлэй, 3-орынды - Чжан Сяо Шуэн мен Ли Цюно иеленді. «Бұл конкурс студенттердің қазақ тілінен алған біліміне баға беріп қана қоймай, оқу процесіне деген қызығушылықты арттырды», - деді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мұғалімі, бүгінде СШТУ-дың қазақ тілі кафедрасында жұмыс істейтін Гүлиям Оспанқұлова.

Еске салайық, Сиань шет тілдері университетінде «Қазақстан орталығы» мен қазақ тілі кафедрасы 2017 жылдың 20 қыркүйегінде Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің бастамасымен ашылған болатын. Қазіргі таңда 21 қытайлық студент қазақ тілін үйреніп жатыр.

Фото: inform.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ