Петропавлда екi мектептiң құрылысы басталды

«Нұрлы Жер» бағдарламасының орындалуы жөнiнде баяндаған құрылыс басқармасының басшысы Серiк Мұхамедиев биыл облыста 200 мың шаршы метр баспана қолданысқа берiлетiндiгiн жеткiздi.

Фото: sko.gov.kz27 Қараша 2017, , 14:17

Бұл жөнiнде әкiмдiктiң отырысында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов мәлiмдедi. Өңiр басшысы соңғы 10 облыс орталығында бiрде-бiр мектептiң салынбағанын атап өттi. Биыл республикалық бюджеттен Петропавлда екi мектептiң құрылысына қаржы бөлiндi. Соңғы жылдары денсаулық сақтау мекемелерi де тұрғызылмаған. Құмар Ақсақалов қазiр облыс орталығы көп профилдi ауруханаға зәру екенiн атап өттi.

Қазiр бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесi шешiлiп жатыр. Сондай-ақ аймақ басшысы жаңа үйлердiң сәулетiне де көп көңiл бөлудi тапсырды. Әр үйдiң өз келбетi болу керек дедi облыс әкiмi.

«Нұрлы Жер» бағдарламасының орындалуы жөнiнде баяндаған құрылыс басқармасының басшысы Серiк Мұхамедиев биыл облыста 200 мың шаршы метр баспана қолданысқа берiлетiндiгiн жеткiздi. Келесi жылы бұл көрсеткiш 220 мың шаршы метрге дейiн жеткiзiлмек.

Отырыста Петропавл ауыр машина жасау зауытының бас директоры да таныстырылды. Бұл қызметке «Kazakhstan Engineering» ұлттық компаниясының вице президентi болған Вадим Шакшакбаев тағайындалған болатын. Өңiр басшысы зауыт алдында үлкен мiндеттердiң тұрғанын атап өттi.

«Зауытта жағдай өзгередi деп ойлаймын. Бұл бiздiң ең iрi кәсiпорнымыз. Бiздiң жоспарлар ауқымды: зауытты жаңғырта отырып, азаматтық өнiмдердi шығару желiсiн кеңейту керек», — дедi Құмар Ақсақалов.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ