Шымкентте бірнеше алаяқтық жасаған адам ұсталды

Тергеу барысында ұсталған азаматтың алаяқтықтың 20 жайтына қатысы бар екені анықталды.

Фото: otyrar.kz/20 Желтоқсан 2017, , 17:44

Шымкент қаласының полицейлері бірнеше рет алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады. Таяуда Еңбекші полиция бөліміне бірнеше тұрғын арызданып, белгісіз азамат өзін мемлекеттік органның қызметкерімін деп таныстырып, жәбірленушілерге «Өрлеу» бағдарламасы бойынша ақша шығарып беремін деп алдап кеткенін айтқан. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Мысалы, күдікті Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғынына әкімдік тарапынан «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 2-3 аптаның ішінде 1 200 000 теңге ақша алып беремін деп, 350 000 теңгесін алаяқтық жолмен алып кеткен. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 1989 жылы туған жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың алаяқтықтың 20 жайтына қатысы бар екені анықталды. Келген шығынның көлемі миллион теңгеден асып кетеді. Аталған жайт негізінде қылмысты кодекстің 190-бабымен (алаяқтық) іс қозғалды. Күдікті қамауда жатыр.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары 28 жастағы күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Осы орайда құқық қорғаушылар алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс азаматтармен қарым-қатынас барысында сақ болуды ескертеді. Алаяқтардың қулығына алданып қалмас үшін барлық адамдарға сене бермеңіз. Әйтпеген жағдайда тек ақшаңыздан ғана емес, денсаулығыңызға да нұқсан келтіруіңіз мүмкін.

Егер сіз осындай қылмыстың жәбірленушісі немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға 102 нөмірі арқылы хабар беріңіз.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ