Павлодар облысында такси жүргізушісін өлтіріп, бірнеше ауыр қылмыс жасағандар ұсталды

Ағымдағы жылғы 13-желтоқсанда Павлодар қаласында Шөкин көшесі бойында орналасқан үйдегі жалға берілетін пәтердің бірінде соңғылар 25-жасар әйелді зорлағандары белгілі болды.

Фото: pavlodarnews.kz21 Желтоқсан 2017, , 10:03

Павлодар облысында такси жүргізушісін өлтіріп, бірнеше ауыр қылмыс жасаған 37, 40 және 44 жастағы үш күдіктіге қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қолданылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттіктің жолдаған ресми сауал хатына берген жауабына облыстық ІІД-нің баспсөз қызметі мәлімдеді.

- Ақтоғай ауданының полициясына ауылдың 62 жастағы тұрғыны ағымдағы жылғы 15-желтоқсанда таңертең белгісіз адамдар ұялы телефон сатып жүрміз деген сылтаумен заңсыз үйге кіріп келіп, күйеуін пышақпен қорқыту арқылы күш көрсетіп, 35 мың теңге ақшасын тартып алғаны жөнінде қоңырау шалған. Қылмыскерлерді іздеу және ұстау үшін Ақтоғай ауданының жеке құрамына, Павлодар облысының барлық ішкі істер органдарына бағдар жолданды, - деді департаментте.

Аудан орталығын тексеру кезінде Ақтоғай ауданы ІІБ учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Мұхамедғалы Ахметов және жергілікті полиция қызметі тобының инспекторы, полиция лейтенанты Ерболат Атехан дәмханада белгілері бойынша ұқсас іздеуде жүрген екі адамды анықтаған. Құрықтау кезінде екеуінің бірі қашуға ұмтылып полицейлерге қарсылық білдірген. Нәтижесінде полиция лейтенанты Ерболат Атеханға пышақ жарақатын келтірген. Дегенмен, полицейлердің кәсіби іс-қимылының арқасында күдіктілер ұсталынып, полицияға жеткізілді. Бүгінгі күні қылмысқа қатысы болуы мүмкін үшінші күдікті де қолға түскен. Күдіктілер ешқайда жұмыс істемейді, сотты болған.

Бұдан басқа, өткізілген тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары барысында олардың тағы да екі ауыр қылмысқа қатысты екені анықталған.

Ағымдағы жылғы 13-желтоқсанда Павлодар қаласында Шөкин көшесі бойында орналасқан үйдегі жалға берілетін пәтердің бірінде соңғылар 25-жасар әйелді зорлағандары белгілі болды. Сол күні, кешкісін, Павлодар қаласының сапаржай маңындағы аумақта күдіктілер «ВАЗ-2110» маркалы автомашинаның жүргізушісімен Набережное ауылына дейін жетіп қалуы туралы келіседі. Аталған ауылға жеткен соң, олар автомашина салонында 28 жастағы жүргізушіні қауіпсіздік белдігімен тұншықтырып өлтірген.

Кейін осы автомашинамен мәйітті орманға апарып, үстін қармен жауып тастайды. Кейін із-түссіз жоғалған ретінде іздеу жарияланған 28 жастағы жүргізушінің мәйіті табылды және сот–медициналық сараптама тағайындалды. Күдіктілердің іс-қимылы ҚР ҚК-нің 99, 120, 192 және 380-баптарымен қарастырылған қылмыстардың белгілері бойынша сараланған. Ұсталынғандарға қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Жоғарыда көрсетілген баптар бойынша санкция - бас бостандығынан 20 жылға айыру түрінде қылмыстық жауапкершілікті көздейді.

Абзал Қабдраш

Фото: Рavlodarnews.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ