БҚО-да тағы екі балықшы суға кетті

inform.kz
Автокөлігімен балық аулауға барып, мұз ойылып, суға кеткен.

Батыс Қазақстан облысында мұз ойылып, тағы екі балықшы суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 19 желтоқсан күні аудан орталығы Шыңғырлау ауылынан 25 шақырым жердегі Жаңакүш су қоймасынан 1955 және 1953 жылғы екі адамның денесі табылған.

Олар «Ауди-80» автокөлігімен балық аулауға барып, мұз ойылып, суға кеткен.

Осылайша, он күннің ішінде мұздағы қауіпсіздікті сақтамау салдарынан төрт адам көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 9 желтоқсан күні Зеленов ауданы Өркен ауылынан 8 шақырым жердегі Көшім арнасынан 1949 және 1953 жылғы екі адамның денесі шығарылған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды