Алматы облысында өсірілген асылтұқымды жылқылар қытай еліне экспорттала бастады

Жылқылар Шыңжаң автономиясына және Жеменей ауданына жөнелтілуде.

Фото: www.horsechannel.com22 Желтоқсан 2017, , 12:32

Жетісулықтар биыл 206 бас қамбар ата төлін шекара асырмақ. Тең жартысы қазір Қарасай ауданындағы шаруа қожалықтарында карантинде тұр. Көрші мемлекетте соңғы жылдары бәйгеге шабатын сәйгүліктерге деген қызығушылық артқан, деп жазады QAZAQSTAN Ұлттық телеарнасы.

Жылқылар Шыңжаң автономиясына және Жеменей ауданына жөнелтілуде. Осылайша, Қытай елі жылқы малын қазақ жылқысы есебінен асылдандыруды қолға алмақ. Одан кейін ет және сүт бағытындағы жылқыны экспорттау жоспарланған.

Тұрсынғазы Қажайұлы, Жеменей ауданы «Құмытай» компаниясының өкілі: - Қытайда бұл жылқыға Қытайдағы ат зауыттары және ат өсіріп отырған жылқы шаруашылықтарының қызығушылығы өте жоғары. Оның үстіне, Қазақстанның жылқы шаруашылығы өте жақсы дамыған. Бұл жылқыларды өсіреміз. Сондай-ақ, алыс аралық, жақын аралыққа бәйгеге дайындап, бәйге жарыстарына қатыстыруға апарамыз.

Қуаныш Қанатұлы

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ