ОҚО-да демеушілер есебінен 577 өңірлік жоба іске асырылуда

«Туған жер» арнайы жобасы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған 6 жобаның бірі болып табылады.

Фото: Boomstarter22 Желтоқсан 2017, , 16:23

«Туған жер» арнайы жобасы бойынша 51 жоба әзірленіп, 159 шара қолға алынды деп хабарлайды Zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің демеушілігімен 577 өңірлік жоба жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысының жеке кәсіпкерлері мынадай істерге мұрындық болды:

- Шымкент қаласында жалпы соммасы 20 млрд 100 млн теңге тұратын рухани ағарту кешені, 300 млн теңгеге болатын «Қосана» балабақшасы, 280 млн теңгеге 260 орындық «арнайы түзету балабақшасы» салынды;

- Бәйдібек ауданында 340 млн теңге сомасына тең «Домалақ ана» кесенесінің аумағын жөндеу және қонақ үй құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді;

- Отырар ауданында 80 млн теңгеге тең балабақша, 50 млн теңгеге этноауыл және 56 млн теңге болатын ардагерлер паркі бой көтерді;

- Төлеби ауданында 100 млн. теңгеге ауылдық жерлерді сауықтыру бойынша жұмыстар жүргізілді;

- Мақтарал ауданында 124 млн теңге тұратын балаларға арналған шағын футбол алаңы салынып, әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға қайырымдылық жұмыстары жүргізілді;

- Созақ ауданында 40 млн теңге жұмсалып, әлеуметтік жағдайы нашар 11 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді;

- Ордабасы ауданында 45,35 млн теңгеге қайырымдылық жұмыстары өтті;

- Сайрам ауданында жолдар мен электр энергиясын салуға 30,0 млн теңге бөлінді.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ