ОҚО-да өткен мерекелік жәрмеңкеде тауарлар екі есе арзан сатылды

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Қаладағы баға саясатын тұрақтандырып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлаған акцияны облыс пен қала әкімдігі ұйымдастырып отыр.

Облыс орталығы – Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай азық-түлік тауарларына қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Жәрмеңке түрінде өткізілген шарада тұрғындар тауарларды нарықтағы бағадан 2 есеге төмен бағада сатып алды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Қаладағы баға саясатын тұрақтандырып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлаған акцияны облыс пен қала әкімдігі ұйымдастырып отыр. Мұнда 300-ге жуық кәсіпкер өз өнімдерін қала тұрғындарына арзан бағада ұсынды. Онда тек сатып алушыға ғана емес, тауар өндіруші мен шаруаға да қолайлы жағдай жасалды.

Қажетін алып, қаражатын үнемдеген халықтың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Себебі, жәрмеңкедегі тауардың бағасы көңіл қуантады. Мәселен, картоп пен сәбіз 50 теңгеден сатылса, қырыққабаттар 30 теңгеден саудаланды. Сондай-ақ, сиырдың еті 1050 теңге көлемінде болды.

Шымкентте бұл жәрмеңке апта сайын тұрақты түрде өтіп келген. Бірақ, бүгінгі жәрмеңке Тұңғыш Президент күніне орай өткізіліп отырғандықтан қойылған тауар түрлері еселеніп, бағасы екі есеге төмен саудаланды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды