Түркістанда жаңадан салынған су қойма 350 гектарды суландырады

«Қарашық» шағын су қоймасының құрылысын «СМК и Ж-7» ЖШС-і жүргізген.

Фото: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі21 Желтоқсан 2017, , 19:52

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың және ауыл тұрғындарының қатысуымен, Түркістан қаласы маңындағы Үшқайық ауылдық округінде жаңа «Қарашық» шағын су қоймасы пайдалануға берілді. Су қойма жалпы қоры 2 млн. м3 суды сақтауға қауқарлы. Су қоймасы енді 350 гектар аумақты суғаруға тікелей септігін тигізеді. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі өңірде мұндай су қоймалардың саны болашақта артатынын жеткізді. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Оңтүстік Қазақстан облысында келешекте 30-ға жуық су қойманың құрылысы басталады. Нәтижесінде суды тиімді пайдаланып, оны сақтап суармалы жерлерге жұмсауға болады. Осылайша облыста егістіктің көлемі артып, жергілікті жұртты жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Ең бастысы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше екпін береді», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Айта кетерлігі, «Қарашық» шағын су қоймасының құрылысын «СМК и Ж-7» ЖШС-і жүргізген. Құрылыс нысанын салуға 471,4 млн теңге жұмсалыпты. Бүгінде су қойма ел игіліне беріліп отыр. Алдағы уақытта Үшқайық ауылдық округінде жүгері, жоңышқа, бақша дақылдары егілетін болады.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ