Ақтөбелік кәсіпкерлер алаяқ әйелге алданып қалды

www.inform.kz
Қазір Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды.

Ақтөбеде үстемеақысы төмен несие алып беремін деп кәсіпкерлерді алдаған әйел ұсталды. Оған бірнеше кәсіпкер сеніп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті алаяқтық жасады деген күдікпен 30 жастағы келіншекті ұстады. Ол бизнеске қажетті несиені төмен үстемеақымен алып беруге уәде еткен.

«Шағын және орта бизнес иелерінің сеніміне кіріп, үстемеақысы төмен несие алып беремін деп алдаған. Қазір 8 кәсіпкердің алданғаны анықталып отыр. Олардың әрқайсысы 250-500 мың теңге аралығында ақша беріп, екінші деңгейлі банк арқылы пайыздық үстемеақысы төмен несие рәсімдемек болған», - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Қазір Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Полиция жас әйелдің арбауына түсіп, алданып қалған кәсіпкерлер болса, кезекші бөлімге хабарласуын сұрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды