Павлодарлық жас боксшыларға 3,3 миллион теңгеге спорттық құрал-жабдықтар алынды

Рavlodarnews.kz
Бүгінгі таңда БЖСМ қабырғасында 700-дей бала төрт спорт түрі бойынша жаттығады.

Павлодарда №5 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жас боксшыларына жаттығу үшін қалалық билік тарапынан 3,3 миллион теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Былғарыдан жасалған жаңа 20 груша, боксёрлік және кикбоксёрлік шлемдер, және 30 жұп қолғап пен соққылар жасау үшін жаттығу құралдары қала бюджеті есебінен сатып алынған. - Осындай көлемде спорттық инвентарь алты-жеті жыл бұрын алынған болатын, - дейді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айбек Қабиев.

- Биыл біз барлық БЖСМ-ді қамтыдық. Шаһар басшысы триатлон, дзюдо, хоккей формасы мен балуандарға арналған кілемге қаржы бөлді. Кикбоксингтен әлем чемпионы Нұрсұлтан Хасановтың айтуынша, шеберлік сабақтарын өткізу өскелең ұрпаққа мол тәжірибе беруге ықпалын тигізеді.

Бүгінгі таңда БЖСМ қабырғасында 700-дей бала төрт спорт түрі бойынша жаттығады.

Олармен 18, оның ішінде сегізі жоғары санатты жаттықтырушы жұмыс жасайды.

Думан Асқарбек


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды