Өскеменде әжейді тонаушылардан құтқарған ер адам өлім аузынан қалды

Ұсталған тонаушылар бұрын да қылмысы үшін сотталған.

Фото: sputniknews.kz29 Желтоқсан 2017, , 14:26

Өскеменде зейнеткерге шабуыл жасаған тонаушыларды ұстамақ болған ер адам өлім аузынан қалды, деп жазады sputniknews.kz, YK-news.kz өңірлік басылымы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап

11 желтоқсанда жергілікті тұрғын екі ер адамның 92 жастағы зейнеткер әжейдің әмиянын тонап жатқанын көріп, соңдарынан қуады. Әмиянда 4500 теңге болыпты. Батыл жігіт тонаушыларды ұстай алмады, олардың бірі пышақ сұғып алған.

Тонаушыларды полиция қолға түсірді. Ұсталғандардың бірі – 39 жастағы ер адам, бұрын төрт рет сотталған. Екіншісі – 50 жастағы азамат, жеті рет сотталыпты.

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, зейнеткерге көмектеспек болған тұрғын марапатталуы мүмкін.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ