Астана мұз айдындары мен сауда орталықтарында ұры-қары көбейіп кетті

Астанада жаңа жылдық демалыс күндері адамдар көп жиналған жерде ұрлық көбейіп кетті.

Фото: sputniknews.kz4 Қаңтар 2018, , 09:23

Астана полициясы мұз айдындар мен сауда орталықтарына келушілерге ұры-қарыдан сақтанып жүруге кеңес берді, деп хабарлайды sputniknews.kz.

"Азаматтарды өте мұқият әрі сақ болуға шақырамыз, ұялы телефон, ақша, басқа да құнды заттарды жеңіл-желпі сала салмаңыздар. Қоғамдық көліктен шығарда, адамдар көп жиналатын жерге барғанда, жеке заттарыңызды мұқият қадағалауға кеңес береміз", — делінген хабарламада.

Полиция мереке күндері тіркелген ұрлықтарды дәйек ретінде келтіреді. Мәселен, "Қазақстан" спорт кешені маңындағы мұз айдында Астана тұрғынының қалтасынан құны 200 мың теңге ұялы телефонды ұрлап кетіпті.

Каникул кезінде компьютер клубы мен ойын-сауық орталықтарына жиі баратын жасөспірімдер де ұрлықшылардың құрбаны болады екен.

Барлық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ