Қыс түскелі елімізде 28 адам улы газдан қаза тапқан

kaztrk.kz
Құтқарушылар азаматтардан алыс сапарға шықпауын өтінеді.

Қыс түскелі елімізде 28 адам улы газдан яғни, ыс тиіп қаза тапқан. Мұндай ақпаратты Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов таратты, деп хабарлайды QAZAQSTAN Ұлттық телеарнасы.

Сандарға сүйенсек, 183 адам жарақат алған. Олардың 39-ы балалар екен. Қайғылы оқиғалардың көбейіп кетуіне байланысты мамандар пешті пайдалану кезінде сақтық шараларына жіті мән беру керектігін ескертеді. Сондай-ақ, алдағы күндері елімізде дауыл соғады.

Соған орай, құтқарушылар азаматтардан алыс сапарға шықпауын өтінеді.

Руслан Иманқұлов, ҚР ІІМ ТЖК баспасөз хатшысы: - Астанада қаза тапқандар жоқ. Ел бойынша бірнеше облыс жоғары көрсеткіштер көрсетіп тұр. Бұл - Қарағанды, Ақтөбе, Алматы облыстары.

Ғабит Бөкенбай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды