Екібастұздық құтқарушылар боранда 24 жолаушыны ажалдан аман алып қалды

Облыстық маңызы бар тас жолдардан 15 көлік шығарылып, 24 адам құтқарылды.

Фото: Рavlodarnews.kz 15 Қаңтар 2018, , 09:16

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Екібастұзда қала әкімінің басшылығымен шұғыл штаб құрылған болатын, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ТЖ басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, өңірдегі боранға байланысты құтқару жұмыстарына жүріп өту мүмкіндігі жоғары екі техника және Екібастұз гарнизонының жеке құрамынан 11 адам, қаланың коммуналдық қызметінен алты арнайы техника іске кіріскен.

- Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №14 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жұмыстарының нәтижесінде облыстық маңызы бар тас жолдардан 15 көлік шығарылып, 24 адам құтқарылды. Сонымен қатар, облыстық ТЖД Екібастұздағы жедел-құтқару бөлімшесімен республикалық маңызы бар автокөлік жолдарынан 68 адам, 39 автокөлік эвакуацияланды, - дейді басқарма мамандары.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ