Павлодарда коттеджден 80 адам эвакуацияланды

mchs.gov
Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Павлодарда Иса Байзақов көшесі, 316 мекенжайы бойындағы «Ищанов» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі коттеджден 80 адам эвакуацияланды. Оның 15-і – бала, деп хабаралайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, коттеджге жапсарлас кірпіштен салынған қазандықтың бір шаршы метр аумағы жанған. Оқыс оқиға орын алғаны туралы хабарлама сағат 17.26.-да түскен, сағат 18.13-те толығымен сөндірілген.

- Бұл жер түрлі шараларды өткізу мақсатында жалға беріледі. Түтіндіктің жанындағы ағаш қоршаулар өртенген. Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде жылыту қазандығы жарылған. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Тұрғындардың барлығы дін аман. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында № 2, 34 өрт сөндіру бөлімдері, № 2 өрт сөндіру бекеті, үш техника мен жеке құрамнан 15 адам жұмыс істеді.

Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Ақбота Сейсенбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды